Полицияға хабарласқан тұрғынның айтуынша, көршісі мүгедектігі бар қызын ұрып-соққан.
Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен төбелескен әйелдің видеосы тарады
789
оқылды

Ақтау қаласында әйел адам мүгедектігі бар жасөспірімді соққыға жыққан, – деп хабарлайды Lada.kz.

 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Белгілі болғандай, екеуінің жанжалы 34-шағынаудандағы №10 үйдің ауласында болған.

Желіде жарияланған видеода әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашынан тартып жатқанын және айналасында басқа балалардың тұрғанын көруге болады.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жылғы 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында «102» кезекшісінің пультіне көмек сұрап шақыру келіп түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан тұрғынның айтуынша, көршісі мүгедектігі бар қызын ұрып-соққан.

«Шақыруға шыққан учаскелік инспекторлар фактіні растады. Біреудің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды», – деп хабарлады өңірдің ПД өкілдері.