Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 10:35 шамасында Талғар аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне аурухананың 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін науқастың туыстары ұрып-соққаны туралы хабар түскен.
«Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудан полициясында тіркелді. Талғар ауданының полицейлері 1987 жылы туған Ш. және 1994 жылғы Н. есімді күдіктілерді анықтап, ұстады. Тергеу жүріп жатыр», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Айта кетейік, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген соң емделушінің ұлдары дәрігерлерді ұрып-соғып, мәйітті алып кеткен.