Полицияға «Тұран» ауданының тұрғыны кішкентай қызының алтын сырғасын бейтаныс әйел шешіп алғанын айтып шағымданған. Ұры аулада ойнап жүрген 7 жасар қызды «балмұздақ алып беремін» деп алдаған. Құлағындағы алтын сырғасын шешіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Полиция куәгерлерден жауап алды. Бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтап, ұстады.
23 жастағы күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Тағы бір кішкентай қыздың алтын сырғасын дәл осындай жолмен ұрлаған. Егде жастағы әйелдің ақшасын телефон арқылы өзіне аударып алған.