Оқиға Исатай ауданында болған.
Атырауда полицейлер жоғалған сәбиді кәріз құдығынан тапты
577
оқылды

«19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында Исатай ауданы полиция бөліміне Аққыстау ауылының 1993 жылғы тұрғыны 5 жастағы ұлы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Аққыстау кентінде жедел іздестіру басталды. Полицейлер баланың дауысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан естіп, шығарып алуға талпынған.

Қазіргі таңда баланың денсаулығы қалыпты, дәрігерлік тексеруден өтті, – деді Атырау облысы ПД өкілі. 

Бұған дейін Атырауда екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. 

Баян Жанұзақова