Сенат өңірлердің мүдделерін қорғайтын және аймақтардағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесетін Палата екені айтылды.
Мәулен Әшімбаев Сенаттың рөлі туралы айтты
1,064
оқылды

Реформадан кейін Сенаттың рөлі қандай? Мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп қаншалықты тиімді жұмыс істеуге болады? Сенаторлар қазақстандықтардың мәселесін қалай шешеді? Осы және өзге де сұрақтарға Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев BaitassovLive YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді.

«Сенат – бүгінде еліміздің тұрақты және теңгерімді дамуына ықпал ететін Палата. Сенаторлар барлық заңды ұлттық мүддені, аймақтардың мүддесін және еліміздегі этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қаншалықты ықпал ететінін ескере отырып қарайды. Сонымен қатар Сенат мемлекеттік құрылымдағы заң шығару процесінің бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Естеріңізде болса, Мәжіліс сайлауы өткен кезде, биыл қаңтардан сәуір айының басына дейін заң шығару қызметін Сенат атқарды. Осы кезеңде Палата маңызды 36 заң қабылдады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар сұхбат барысында Сенат өңірлердің мүдделерін қорғайтын және аймақтардағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесетін Палата екені айтылды.

Фото: bangkokbook.ru