Салдарынан 6 адам зардап шекті.
Таразда мектептен өрт шықты
795
оқылды
17 қыркүйекте сағат 00:32-де Тараз қаласында Кенен Әзірбаев көшесі бойындағы №44 орта мектептің үшінші қабатындағы кабинетте өрт шықты.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалын 20 шаршы метрді қамтыды.

6 маусымнан бастап мектептің бір қанатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

"Өрт сағат 00:50-де оқшауланып, 00:52-де жойылды. Өрт салдарынан алған әртүрлі жарақаттары бар 5 адам ауруханаға жатқызды (құрылысшылар): 1986, 2001, 2002, 2002 жылғы әйелдер және 1997 жылғы ер адам", – делінген хабарламада.