Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының финалына өтпей қалды.
Қазақ палуаны санаулы сәттер бұрын (72 кг) Моңғолия мықтысы Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған (11-0).
Жәмила осыған дейінгі 2 дүниежүзі бәсекесінің ақтық айқасына жолдама алған. Ұлттық құрама көшбасшысы 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлдемен қайтты.