Жарма өңірінде бұ­қа­ралық спортты дамытуға және жас­тар арасында са­ламатты өмір салтын на­сихаттауға ба­­­ғыт­талған іс-шаралар бел­сен­ді түрде жалғасып келеді.
Жармада бұқаралық спорт жанданды
634
оқылды

Атап айт­қанда, осындай маңыз­ды бастаманың бірі – ба­лалар ойын алаңдарын ашу.

Мәселен, Суықбұлақ окру­гіндегі Ұзынжал ауылында шағын футбол алаңының құрылыс жұ­мыстары аяқ­талды. Жөндеу жұ­мыстарын қар­жыландыруға ау­дан­дық бюд­жеттен 13 млн теңге қа­­­­ра­жат бөлінді. Бұдан бөлек, Бел­­терек ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт нысан­дарының құрылысын «Ай­ТиЭл group» ЖШС жүргізді.

Шар қаласына қарасты Кө­шек ауылындағы тағы бір футбол алаңы­ның құрылысы аяқталып, мердігер «Роза-валяльно - вой­лочный ком­бинат» ЖШС ұйымы 13 миллион теңгеге құрылыс жұ­мыстарын жүр­гізді.

Сондай-ақ Ақжол ауылдық ок­ругіне қарасты Жаңаөзен ауы­лында балалар ойын алаңы орна­тылды. Жобаны жүзеге асыру үшін жер­гілікті бюджеттен 5 мил­лион тең­ге бөлініп, мердігер «Барлык ЛТД» ЖШС ұйымы болды.

Шалабай ауылында InterGoldCapital және Krauser ЖШС мерді­герлерімен жасалған мемо­рандум аясында баскетбол алаңы мен жү­гіру жолы салынды.