Биыл 8 айда мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жоба іске асты.
Мүгедектікті белгілеу үшін 45 мың өтініш сырттай қаралды
1,591
оқылды

Қазақстанның барлық өңірінен 45,6 мыңнан астам өтінім қаралды. Бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 27,1%. Қазір жобаға 740-тан астам медициналық ұйым қосылған. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралды. Бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7%.

Сырттай куәландыру әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды, сыбайлас жемқорлықты азайтады.