Тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде ер адам қамауға алынды.
Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан: зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды
1,416
оқылды

Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан. Қатты соққы салдарынан жәбірленуші әйел ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде ер адам қамауға алынды. Аталған факт Қаратал ауданында тіркелді.

«19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Алған ауыр жарақаттардың салдарынан әйелді құтқару мүмкін болмаған. Ол келесі күні ес жимастан көз жұмды. Полицейлер күйеуге шықпаған әйел қарт анасымен бірге тұрғанын және қатты соққы салдарынан өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын алғанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді. Қылмыстың себебі - екеуінің арасындағы жағымсыз қарым-қатынас. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан. Қазір ұсталған адам қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

фото: zakon.kz