Ол жартылай финалда моңғолиялық Дааванасан Енкх Амардан ұтылып қалды.
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
1,307
оқылды

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова қола жүлдені сарапқа салды.

Бақбергенова қола үшін жекпе-жекте польшалық Наталья Ивона Стшалкамен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді.

Отандасымыз 72 келі салмақта чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагиды (Сербия), кейін ресейлік Ксения Буракованы жеңіп кетті (7-1).

Бірақ, жартылай финалда моңғолиялық Дааванасан Енкх Амардан ұтылып қалды.

Айта кетейік, бұл медаль Қазақстан үшін әлем чемпионатында Азамат Дәулетбековтің қола жүлдесі мен Ризабек Айтмұханның алтынынан кейінгі үшінші медаль болды.