Ғалымдардың айтуынша, Бенну Жерге 1999, 2005 және 2011 жылдары жақындаған.
Жерге алып астероид құлауы мүмкін
4,570
оқылды

NASA ғалымдары 159 жылдан кейін Жерге алып астероид құлауы мүмкін деген болжам жасады, – деп жазады ҚазАқпарат.

Ғалымдардың есептеуінше, астероид Жердің Техас штатындағыдай аумақты жоюы мүмкін.

Бенну – Жер орбитасына шамамен әр алты жыл сайын шығатын Жерге жақын нысан. 1999 жылы алғаш рет анықталғаннан бері ғарыш агенттігінің бақылауына алынған.

Ғалымдардың айтуынша, Бенну Жерге 1999, 2005 және 2011 жылдары жақындаған.

2135 жылдың 25 қыркүйегінде Бенну Жердің жанынан ұшып өтеді және NASA мәліметінше, оның 2182 жылы, яғни содан 159 жылдан кейін Жермен соқтығысу мүмкіндігі шамалы.

OSIRIS-REx ғылыми тобының мақаласында 2182 жылдың 24 қыркүйегінде Беннуның Жермен соқтығысу ықтималдығы бар болғаны 0,037%.

Earth.com сайтының мәліметінше, астероидтың соғуы жер бетінің үлкен аумағын жойып, шамамен 22 атом бомбасының энергиясын шығаруы мүмкін.