Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасағандарды ұстады
966
оқылды
Алматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 4 азаматты ұстады. Белгілі болғандай, 58 жастағы Б. есімді азамат 126-бағыттағы қоғамдық көлікке отырып, жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды polisia.kz.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Осы уақытта қаланың Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығымен айналысқан тағы үш күдіктіні бір уақытта ұстады.

"Олардың бірі – Алматы облысынан келген 30 жастағы Н. есімді азамат. Ол жасөспірімнің телефонын ұрлап алған. Тағы бір қалта ұрысы – 30 жастағы А. есімді азамат дәл осы тізбекпен әрекет жасаған. Қоғамдық көлікте ол бөтен біреудің мобильді құрылғысын ұрлап, қашуға әрекеттенген. Қарт адамды тонаған жоғарыда аталған екі күдікті мен 35 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Осы эпизодтар бойынша қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.