Алматыда ірі жол апаты болды.
Жас жігіт рульге ие бола алмай бірнеше көлікті соқты
798
оқылды

Абай даңғылында бірнеше көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Куәгерлер Volkswagen көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, жол жиегінде тұрған бірнеше көлікке соқтығысқан.

Негізгі соққы Lada Priora көлігіне тиген, жүргізуші мен жолаушы ауыр жарақат алды.

Zakon.kz-тің дерегінше, көлікті жас жігіт жүргізген. Оны полиция ұстады.

Апаттан үш-төрт адам зардап шекті.

Бұған дейін 23 жастағы жігіт тізгіндеген жүк көлігі аударылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Фото: zakon.kz