Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында құрылған фототұзаққа 6 сәуір пен 6 қыркүйек аралығында 5 үлкен Тянь-Шань қоңыр аюы мен 3 қонжық түскен.
Аю Қызыл кітапқа енген. Соңғы жылдары Ұлттық парк аумағында аю жиі кездеседі.
Жоңғар Алатауында Тянь-Шань қоңыр аюларының саны жыл сайын артқаны байқалады.