Ірі технологиялық компания жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, онлайн қауіпсіздікті күшейту мақсатында ірі компанияны сатып алды. Мәміленің құны 28 млрд доллар болды. Бұл биылғы жылдың ең ірі мәмілесі.
Технологиялық компания 28 миллиард долларға мәміле жасады
1,207
оқылды

Ірі технологиялық компания жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, онлайн қауіпсіздікті күшейтетін жаңа шешімдер әзірлей бастады. Financial Times басылымының айтуынша бұл саладағы биылғы жылдың ең ірі мәмілесінің құны 28 млрд доллар болған. Осы материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz бұндай мәмілелердің компанияларға не беретінін талдайды.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Dan Krauss 

Әлемге танымал Cisco компаниясы Splunk Cybersecurity тобымен 28 миллиард долларлық келісім жасады. Cisco АҚШ-тың бағдарламалық жасақтама жасаушы Splunk-ті сатып алу үшін 28 миллиард долларлық мәміле жасаған.

Өзінің тарихындағы ең ірі сатып алуға келіскен америкалық технологиялық компания киберқауіпсіздік ұсыныстарын кеңейтуге және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға күш салуда.

Cisco компаниясы Splunk-тің әрбір акциясы үшін қолма-қол ақшамен $157 төлейді, бұл сәрсенбідегі акция құнынан 31%ға артық. Осылайша әлемдегі ең ірі бағдарламалық жасақтама тобы құрылмақшы. Бұл мәміле технология нарығындағы жылдың ең ірі мәмілесі болып отыр.

Фото Splunk сайтынан алынды

Cisco Systems – ірі бизнес құрылымдар мен телекоммуникация компанияларына арналған желілік жабдықтар әзірлейтін америкалық трансұлттық компания. Ол ақпараттық қауіпсіздік саласында бағдарламалық қамтамасыз етумен де айналысады.

Ал 2003 жылы құрылған Splunk болса әлемдегі ең ірі және ең күрделі бизнес құрылымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін топ.

Splunk үлкен көлемдегі деректерді талдау және цифрлық бизнеспен айналысатын компаниялардың қауіпсіздігін қорғайтын бағдарламалық шешімдер жасайды. Топтың мақсаты – қауіпсіз және тұрақты цифрлық әлем құру. Splunk-тің жыл сайынғы кірісі 3,9 миллиард долларды құрайды.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Plattform

Бұл мәміле арқылы Cisco жасанды интеллектке сүйенетін және әртүрлі киберқауіпсіздік қызметтерін ұсынатын бағдарламалық жасақтама бизнесін күшейтеді. Мысалы, пайдаланушылар мен цифрлық бизнесті деректердің бұзылуынан қорғау құралдарын жасау арқылы.

Cisco мәміле арқылы табыстың өсетінін, келесі жылдары компанияның жалпы кірісі арттыратынын айтуда. Мәміле 2024 жылдың үшінші тоқсанының соңында аяқталады деп күтілуде.

Дегенмен бұл ірі мәміле Вашингтонның монополияға қарсы реттеушілерінің назарын аударуы мүмкін. Олар технология саласында жасалатын ірі мәмілелерді мұқият сүзгіден өткізеді. Кез келген тексеру мәмілені аяқтау процесін баяулатуы мүмкін.