Оқиға Шымкент қаласындағы ауруханада болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шымкентте науқас дәрігер мен медбикені соққыға жықты
1,579
оқылды

Әлеуметтік желіде тараған видеода жедел жәрдемнің дәрігерлері науқасқа көмектесіп жатқаны таспаланған.

Ашулы науқас дәрігерге тап береді. Науқастың туыстары видеоға түсіріп тұр. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқыс жағдай 20 қыркүйекте Гипербарикалық оттегі орталығында болған. Туыстарының айтуынша, науқас улы сұйықтық ішкен. Дәрігерлер науқасты тексерген. Ашулы науқас дәрігерлерге бағынбаған. 

«Науқас медицина көмегіне қарсылық көрсетіп, дәрігерлерге күш көрсеткен. Осы факті туралы полицияға ақпарат берілді», – деді басқарма өкілі.

Бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданында науқастың туыстары дәрігерді ұрып, мәйітті күштеп алып кеткенін хабарлаған болатынбыз.