"Қазгидромет" РМК 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Алдағы күндері батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Кезеңнің басында солтүстік өңірлерде, Қарағанды облысында жаңбыр жауады, содан кейін жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжануда, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, түнде таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін аяз болады. Күндізгі сағаттарда ҚР батысындағы ауа температурасы 25-30 жылыға дейін, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және еліміздің орталығында температураның 18-23 жылыға дейін көтерілуі күтіледі, республиканың шығысында температура 7-13 жылыға дейін төмендейді.
Фото: news.myseldon.com