Биыл 28-29 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, – деп хабарлады Ақорда.
Президент Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Фото: Ақорда