Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Бетпе-бет соқтығысқан: БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты
1,557
оқылды

Батыс Қазақстан облысында тасжолда болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты.

«Мой город» порталының жазуынша, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Орал-Кирсанов жолында, Спартак ауылына жақын маңда болған.

«БҚО ПД мәліметінше, ВАЗ-21012 мен  Lada Granta көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен шығарған. Оқиға орнында ведомствоның жеті қызметкері жұмыс істеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.