Олар 17 және 23 жылға сотталды.
Астанада баланы зорлап өлтіргендерге сот үкімі шықты
1,639
оқылды

Елордада жас баланы зорлап өлтірген күтуші мен ер адам сотталды, – деп хабарлады қалалық прокуратура.

Былтыр бала күтуші мен оның бірге тұратын көңілдесі балаға зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан бала көз жұмған.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелді. Олар 17 және 23 жылға сотталды", – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.