Бір бала медициналық тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың жағдайы белгілі болды
727
оқылды

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Нарынқол ауылында көлік қағып кеткен мектеп оқушыларының жағдайы туралы айтты.

Басқарма мәліметінше, 21 қыркүйек күні жол апатынан зардап шеккен 6 оқушы Нарынқол ауылынан Райымбек орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде үш бала жатыр. Жағдайлары тұрақты, ауыр. Бүгін, 22 қыркүйекте екі бала Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Бір бала медициналық тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.