Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Қайнар ауылында жаңа­дан салынған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға бе­ріл­ді.
БҚО-да фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
774
оқылды

Ауыл тұрғындарының қуанышына облыс әкімі Нариман Төре­ғалиев ортақтасты. Бұл фельдшерлік-акушерлік пункт «Ауылда ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып отыр. Бұған дейін дәл осындай орталық Теректі ауданы Барбастау ауы­лында салынып, қолданысқа берілген еді. 

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Жолдауында ауылдық жер­­­дегі денсаулық нысандарының құ­­­ры­лысын салуды, халықтың ден­сау­лығын жақ­сартуды тапсырған бо­­ла­тын. Осы тапсырма аясында «Ауылда ден­саулық сақ­тауды жаңғырту» ұлттық жо­басы қабылданды. Жоба қазір пи­лот­тық режимде жұ­мыс істеуде. Осы жо­­ба аясында облыста 2025 жылға дейін 50 алғашқы меди­циналық-са­ни­тарлық көмек нысанын салу жос­пар­ланып отыр. 

– Бүгінде БҚО Құрылыс бас­қар­ма­сы 2023 жылға жоспарлаған 24 ны­сан­ның 14-і бойынша құжаты әзір. Со­ның ішінде 12 нысан бойынша құ­­­­рылыс жұмыстары басталып кетті. Ол үшін бюджеттен 3,6 млрд қаржы бө­­­лінді. Биылғы жылға осы 12 ны­сан­ды тапсырамыз. Оның екеуі халық игі­лігіне беріліп үлгерді, – деді облыс­тық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов. 

Қайнар ауылында ашылып отыр­ған фельдшерлік-акушерлік пункт ішін­де алғашқы медициналық көмекті көр­­сетуге арналған барлық қажетті құ­­рал-жабдық қойылған. Енді ауыл тұр­ғындары қарапайым қан ана­лиз­дерін тапсыру үшін аудан орталығына бар­майтынына қуанып отыр. 

Сондай-ақ биыл БҚО бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 22 ме­дициналық ұйым нысанына күрделі жөндеу жүргізілген. Соның ішінде 19 нысан ауылдық жерлерде орналасқан. 

Медициналық нысанның ашылу сал­танатында сөз сөйлеген аймақ бас­шы­сы: – Президентіміз денсаулық са­ла­сына көп көңіл бөліп отыр. Әсі­ре­се, ауылдық жердегі халықтың ден­сау­лығы мен әл-ауқатын көтеруді күн тәр­тібіне қойды. Осы ретте «Ауылда ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жо­басы қабылданды. Сол жоба аясын­да міне, сіздерге арнап фельдшерлік-аку­шерлік пункт салып бердік. Енді сіз­дер дәрігер іздеп аудан орталығына са­былмайсыздар. Бұл орталықта ме­ди­циналық көмек көрсетуге арналған бар­лық құрал бар, – деді. 

Айта кетейік, Қайнар ауылында 800-ге жуық халық тұрады. 

Ж.ҚАЙЫРҒОЖИНА