Бүгін кешке Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Үлкен Лотус стадионында XIX Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Бүгін Қытайда XIX Азия ойындары басталады
854
оқылды

Ханчжоудағы Азия ойындарының ашылу салтанаты үш бөлікке бөлінеді: бірінші – «Ұлттық әдет-ғұрыптың рақымы», екіншісі - «Цзянтан өзеніндегі толқын», үшінші - «Біз қол ұстасып жүреміз». Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты іс-шара кезіндегі отшашулар цифрлық болады, ал Азия ойындарының алауын жағу онлайн және офлайн форматта өтеді.

80 мың көрерменге арналған Үлкен Лотос стадионы Азия ойындарының басты аренасына айналады. Онда Азия ойындарының жабылу салтанаты, жеңіл атлетикадан жарыстар өтеді.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин XIX Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысады және ол ойындарды ашық деп жариялайды.

Ханчжоудағы Азия ойындары 1990 жылғы Бейжің мен 2010 жылғы Гуанчжоудан кейінгі Қытайдағы үшінші Азия ойындары болмақ.

21 қыркүйекте Ханчжоу қаласында Қазақстанның Туын көтеру рәсімі Азия ойындарына қазақстандық спорт делегациясының ресми келуіне орай өтті.

ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы 30 спорт түрінен медальдар үшін таласатын 525 спортшыдан тұрады, оның 27-сі олимпиадалық.

2023 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Медальдар спорттың 40 түрінен беріледі. Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.

Фото AFP