Бір аптаға жуық әкімсіз отырған Солтүстік Қазақстан облысына жаңа басшы тағайындалды.
Үш аптаға жуық басшысыз отырған СҚО-ның әкімі тағайындалды
993
оқылды

Президент Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов өңір әкімі лауазымына бекітілді. Облыстық мәслихат депутаттары Ғауез Нұрмұхамбетовтің кандидатурасын қолдады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды",  деп жазылған Ақорда жариялаған құжат мәтінінде.

Ғауез Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.

2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.