Мамандардың айтуынша, адамдар қолайсыздықты қолдан жасап алған.
Атырау ауруханасында ата-аналар балаларымен бірге лифтіде қамалып қалды
1,506
оқылды
Атыраудағы балалар ауруханасында кішкентай науқастар ата-аналарымен бірге лифтіде қамалып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress.
 
Әуесқой бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
 
"Бұл оқиға сағат 11:10-да облыстық балалар ауруханасының ғимаратында болды. Күндізгі стационардағы науқастар мен олардың ата-аналары лифтімен көтерілмек болғанда лифт тоқтап қалған. Лифт небәрі 600 кг (8 адам) жүк көтеретінін ескермеген", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Мамандардың айтуынша, адамдар қолайсыздықты қолдан жасап алған.
"
Лифт науқастарды ауыр жағдайда тасымалдау үшін қолданылатындықтан есігінде тиісті жадынама бар. Алайда ересектер бұл ескертуді елемеген. Лифтіде барлығы 10-нан астам адам болған. Салдарынан шамадан тыс жүктен көтергіш уақытша істемей қалған. Сағат 11:20-да техникалық ақаулық түзетіліп, лифт қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.