Осылайша, ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен орын алды. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1 340 балл.
«Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты - Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.