Депутаттар Түркістан облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалында болды.
Депутаттар әлеумет үшін маңызды нысан жұмысымен танысты
939
оқылды

Облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары Е.Хандиллаев, С.Көшенов Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Халық қалаулыларына орталық басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Бахыт Мүсірәліұлы ғимараттың ішін толықтай таныстырып, баяндап өтті.

– Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді. Әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында халыққа сапалы қызмет көрсету маңызды. Біздің орталық тиімділікке, тұрғындардың уақытын үнемдеу мақсатында қызмет түрлерінің жылдамдығына баса назар аударады, – деді Б.Басымбек.

Алтын уақытын сарп ететін халық  бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық  құжаттарын  реттеу мүмкіндігіне ие. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы  үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған.

Атап айтсақ, ғимараттың бірінші қабатында Түркістан қалалық №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі, екінші және үшінші қабаттарында құрылымдық басқармалар орналасқан.

Жалпы Филиал құрамында:

- 23 Халыққа қызмет көрсету бөлімдері
- 3 Сектор (халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне қарасты)
- 17 Тіркеу және жер кадастр бөлімдері
- 19 Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері
- 17 Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері бар.

Филиалдың штат саны 1289 бірлікті құрайды.

Депутаттар аралау барысында HR және СМЖ дамыту, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, фронт-офистерді үйлестіру, ақпараттық жүйелерді сүймелдеуді жүргізу басқармаларының жұмысын көрді. Сонымен қатар, халықпен тікелей жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде дайындап сапалы қызмет көрсету мүмкіндіктерімен танысты. 

Филиал жұмысымен танысқан депутаттарға, мекеме басшылығы тарапынан әкімшілік аумақты қоршау бойынша ұсыныс айтылды. Нұралы Әлмаханұлы айтылған ұсынысты қолдайтынын айтып, мәселенің оң шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді.