Жасанды интеллект бүгінде кітап жазады, сурет салады, музыка мен өлең шығарады. Бұған адамдар тез үйренді. Ал ChatGPT әлдеқайда интерактивті болады: пайдаланушылар чат-ботпен сөйлесе алады, ауызша жауаптар алады. Бұл жаңалық әлемде үлкен сенсация жасады.
Робот адамша сөйлеп кетті
1,614
оқылды

Он ай бұрын іске қосылған OpenAI компаниясының чат-боты ең үлкен технологиялық жетістіктердің біріне айналды. Techcrunch.com сайты чат-ботқа жаңа функциялар қосылғанын жариялады. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасап, дауыс пен суретті тануға негізделген чат-боттың жаңа мүмкіндіктерінің жұмыс істеу механизмін түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Colin Anderson

Генеративті ЖИ-көмекші бүгіннің өзінде көп қолданылатын қызметке айналды. Ол кітап жазады, музыка мен өлең шығарады, бағдарламалық кодтар жазады. Енді ChatGPT әлдеқайда интерактивті болады: пайдаланушылар чат-ботпен сөйлесе алады, ауызша жауаптар алады.

Мұндай жаңалық Amazon компаниясы OpenAI-дің бәсекелесі адамға зиян тигізбейтін ЖИ жасауды мақсат еткен Anthropic компаниясына 4 миллиард доллар инвестиция салуға шешім қабылдаған күні жарияланды. Бұны сарапшылар әлемдік технологиялық алпауыттар арасындағы жасанды интеллект үшін үлкен шайқастың көрінісі деп бағалауда.

Мына видеода София атты атақты роботтың Голливуд жұлдызы Уилл Смитпен сұхбаты көрсетілген:

 

Осыған дейін жақсы танымал болған Amazon-ның Alexa сияқты виртуалды дауыстық көмекшілерінің жұмыс істеу алгоритмін OpenAI өзінің үлкен тіл үлгілерімен (LLM) біріктірді.

Нәтижесінде, пайдаланушы ChatGPT-ге ауызша сұрақтар қойып, оған жауаптар алады. Сонымен бірге ChatGPT пайдаланушыларға қызықты суреттердің мағынасын, ондағы бейнеленген адамдар мен заттарды түсіндіріп береді.

Жаңа мүмкіндіктер алдағы екі аптада ақылы жазылушыларға таратыла бастайды. Бастапқыда дауыстық функциялар Android және iOS жүйесіне арналған ChatGPT қолданбаларында, ал кескінді іздеу барлық платформаларда қолжетімді болады.