Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары қола медаль иеленді. Бұл туралы Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Азия ойындары: мергендер қола медальге қол жеткізді
1,294
оқылды

Жеңімпаз атанған Ислам Сәтбаев пен Александра Ле аралас командалар арасында пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін матчта қазақстандық мергендер Иран спортшыларынан үстем болды.

Осылайша, Қазақстан қоржынында алты медаль бар (1 күміс және бес қола).

Бұған дейін бүгін сынға түсетін спортшылар туралы жазған болатынбыз.