Белгісіз зымыран Құрманғазы ауданына қарасты Сүйіндік ауылының территориясына құлаған.
Атырауға зымыран құлады
1,863
оқылды

Оқиға 24 қыркүйек күні болған. Сүйіндік ауылдық округінің шығыс-оңтүстік беткейіне қарай 3 шақырым шамасында белгісіз зымыран табылған. Зымыранның қалдықтарын сағат күндізгі екі шамасында қой бағып жүрген тұрғын байқаған екен.

Сүйіндік ауылының округ әкімі Данияр Сабиров қазіргі уақытта тінту жүріп жатқанын айтты.

«Бұл туралы құзырлы органдарға хабарланды. Тәртіп сақшыларынан күзет қойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да тиісті құрылым өкілдері жұмылдырылды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ», – деді Данияр Сабиров.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Фото: turantimes.kz