Бейресми ақпаратқа сүйенсек, ата-анасы 4 жасар баласын күтушіге қалтырып кеткен. Бірақ анасы үйге келгенде баласы жоқ болып шықты. Оның мәйітін күтушінің күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырған көрінеді. Бүлдіршіннің нақты неден көз жұмғаны белгісіз.
Полиция оқиғаны растап, тергеу басталғанын мәлім етті.
«Төрт жасар бала өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде», – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.
Ведомство дерегінше, қылмыстық істі тергеу департамент пен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.