Тексеру кезінде көлік салонынан 16 қап шаян табылды.
БҚО полицейлері браконьерлерден 16 қап шаян тәркіледі
1,102
оқылды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер браконьерлерден 16 қап шаян тәркіледі.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері Переметный-Вечный тасжолында «Нива» автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік салонынан 16 қап шаян (3285 дана, салмағы 181,55 кг) табылды.

«Жүргізуші шаяндарды Бәйтерек ауданы аумағындағы өзендерден ауладым деп түсіндірді. Қазіргі кезде келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігіне (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан облыста ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) – 51, ҚР ҚК-нің 337-бабына (заңсыз аңшылық) сәйкес – 4, ҚР ҚК-нің 340-бабына (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сәйкес 2 дерек анықталды», – делінген хабарламада.