Әзірге Қазақстан қоржынында 10 медаль бар.
Азиада-2023: Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға ие болды
1,440
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

«Скиттегі» топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Сонымен қатар біздің спортшылар Азия ойындарының рекордын орнатты.

Қазір ел қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола. 

 

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті