Елордадағы балабақша мәсе­лесі оң шешімін тауып, кезекте тұрғандардың саны қысқарып келеді. Мәселен, бүгіннің өзінде 10 мыңнан астам орынға мемле­кеттік тапсырыс орналастырылды.
Балабақша кезегі қысқарып келеді
652
оқылды

Елорда әкімдігінің берген мәлі­метіне сүйенсек, биыл балабақша­ларда 10 317 орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс орналас­тырылып отыр. Оның ішінде 9 157-і қаңтар-сәуір айларында, қалған 1 360 орын осы жылдың қыркүйегінде орналастырылған.

Жалпы алғанда, бүгінде бас қалада 505 балабақша жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 67,5 мыңнан астам бала тәлім-тәрбие алып отыр. Соны­мен қатар биыл мектепке дейінгі ұйым­дар жанынан 500 орындық тұрғын үй кешендерінің бірінші қаба­тынан қосымша ғимараттар ашу жоспарланған.

Мектепке дейінгі мекемелердегі орындар INDIGO сайты арқылы бөлінсе, бүкіл процесс ашық және ашық түрде жүзеге асырылады. Қазір электронды порталда мектеп жасына дейінгі 60 971 бала тіркеліпті. Соның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 41 818 бала бар. Жыл бойы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ мек­тепке дейінгі мекемелердің педагог­тері үшін де барлық жағдай жасалуда. Мәселен, былтырғы жылдың 1 қыр­күйегінен бастап балабақша тәрбие­шілерінің жалақысы 30 пайызға өсті.