Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Үкіметте G4 City жобасын іске асыру мәселесі талқыланды
679
оқылды

Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында G4 City жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. 

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады. Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше,талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетейік, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қалаларының аралығындағы интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады:

Gate – іскерлік және қаржылық орталық;

Golden – білім беру және медицина салалары бойынша хабтар;

Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар;

Green – туристік кластер.

Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың га болатын G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестиция тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.