Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медальмен толықты.
Ел құрамасы Азия ойындарында тағы 3 медальге ие болды
3,039
оқылды

Ұлттық құрама Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде тағы 3 медальге ие болды, деп хабарлады olympic.kz.

Жағажай волейболынан ерлер құрамасы мен таэквондо құрамасының өкілдері Жансель Дениз (67 келіден жоғары) бен Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары) бірінен соң бірі жүлдегер атанды. Волейболшылар 3-орын үшін кездесуде Иран құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Ал таэквондошылар жартылай финалға өткенімен жеңіліс тауып, 1/2 финалда қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан аралас жұптық сайыста алтын медаль алғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Зухара Ирназарова чемпион атанды.

Ал семсерлесуден ерлер құрамасына қола медаль иеленген болатын. 

 

Фото: olympic.kz