Жақында өткен Meta Connect 2023 конференциясында Марк Цукерберг WhatsApp-та интеллектуалды көмекшілер ретінде әрекет ету үшін ЖИ-мен жұмыс істейтін чат жүйелері жасалғанын жариялады. Wabetainfo.com сайты танымал мессенджердің жаңа функциясы туралы мақала ұсынды. Aikyn.kz осы мақалаға сүйене отырып WhatsApp-қа қосылатын чат-боттың қызметін түсіндіреді.
Фото gizchina.com сайтынан алынды
Meta адамдардың арасындағы байланысты жеңілдетуі мақсатында WhatsApp-та нейрондық желілер тәрізді жұмыс істейтін ChatGPT-ге ұқсас чат-боттарды іске қосатынын мәлімдеді.
Чат-бот пайдаланушылардың өзара әрекеттесу тәсілін өзгертетін инновациялық қадам болмақшы. Ол жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді.
Жаңа қызмет жақын арада қолжетімді болып, пайдаланушыларға мүлдем өзгеше байланыс түрін ұсынбақшы. WhatsApp-тағы чат-бот пайдаланушыларға күнделікті әрекеттерінде көмектесетін көмекші ретінде әрекет етеді.
Фото unifonic.com сайтынан алынды
Чат-бот интеллектуалды агенттің рөлін атқарып, қолданушыларға жақсырақ контент жасауға, кеңестер беруге және цифрлық әлеммен әрекеттесуге көмектеседі.
WhatsApp-тағы агент Meta компаниясының интеллектуалды метаверс жобасын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болып саналады.
Қолданушы WhatsApp чат-ботына кез келген сұрақтарын қойып, жауап алады. Сондай-ақ чат-боттан мәтін, хабарлама жазуды тапсырып, мәтін мен хабарламаны мессенджердегі басқа чаттарға жіберуге болады. Чат-бот бейнелер де жасай алады.