Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,22 теңгеге төмендеп, 1 доллар 474,47 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 57 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 475,1 теңге, сатып алу – 477,9 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңгеден болса, сатып алу – 478
Алматыда Ресей рублі 4,81 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,90 теңгеден сатылуда.