Елордада ALEM SAZ II Халықаралық музыка фестивалі бас­талды. Оған Қазақстан, Түркия, Жапония, Венгрия, Германия, Пә­кістан, Испания және Ресейдің ең үздік өнерпаздары қатысып жатыр.
Үздік өнерпаздардың басын қосты
739
оқылды

Фестиваль Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ Роза Бағ­ланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйы­мының ұйытқы болуымен өтуде. 

Жоба ұлттар мәдениетін бірік­тіру, сақтау және дамыту, әлем ел­де­рінің тарихи мұралары мен мә­дени құндылықтарына құрметпен қарауға негізделген. Халықаралық му­зыка фестивалі еларалық достық бай­ланыстарды кеңейту мен нығай­ту­ға және өнер саласындағы халық­ара­лық ынтымақтастықты дамыту­ға арналған. Фестиваль бағдарла­ма­­сында шетелдік әртістердің кон­­церттері, кинокөрсетілімдер, сән­дік-қолданбалы өнер көрмесі жә­не шеберлік сабақтарын өткізу жос­парланған.

– ALEM SAZ – көптеген елдің мә­дениетін әртістердің керемет шы­ғармашылық ынтымақтастығы ар­қылы бір платформада біріктіре­тін халықаралық фестиваль. Был­тыр жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қа­тынастардың 30 жылдығына, Азия­дағы өзара іс-қимыл және се­нім шаралары жөніндегі кеңестің құ­рылғанына 30 жыл толуына орай және қазақ халқының аңызға ай­нал­ған әншісі және Қазақстан мен КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырыл­ған. Биыл да ALEM SAZ халықара­лық өнер фестивалі өз жалғасын тап­ты, – дейді «Қазақконцерт» кон­церттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова. 

Айта кету керек, өнер ұжымы биыл бұдан басқа бірнеше жоба өт­кізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды жан-жақты дамытуға бағытталған тап­сырмаларына сәйкес, «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасын қолға ал­­ған. Аталған жобаның негізгі мақ­­саты – өңір тұрғындары үшін мә­­­­дени құндылықтардың қол­же­тім­ділігін қамтамасыз ету, өнер қай­раткерлеріне қолдау көрсету жә­не ұлттық өнерді дәріптеу. Был­тыр жаңадан құрылған Абай, Ұлы­тау, Жетісу облыстарына, Қызыл­ор­да облысына, Павлодар, Қара­ған­ды, Алматы, Петропавл қала­лары­на барып, 17 мың шақырымдай жол жүріп өтіп, қалалар мен ауыл­дық жерлерде шамамен 50 мыңға жуық көрерменге өнерін көрсетті. Осы­лайша, өнер ұжымы мәдени сая­сатты ауқымды түрде жүзеге асы­рып келеді. Биыл да жоба өз жал­ғасын тауып, 2023 жылдың нау­рыз-сәуір айларында «Қазақ­кон­церт» ұжымы еліміздің батыс өңір­ле­рінде гастрольдік сапарларда бо­лып қайтты. Атап айтатын бол­сақ, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Аты­рау, Ақтөбе облыстарының ор­талығы мен моноқалаларында, со­нымен қатар бірқатар аудандар мен елді мекендердің халқына «Қа­зақ­­концерт» өнер ұжымы концерт қой­ды. Жоспарға сай, ұйымның та­нымал әртістері мен шығарма­шы­лық ұжымдары өңір көрермен­дері­не әр түрлі бағыттағы концерт­тік бағдарламаларды ұсынды. Жал­пы «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жо­басы аясында 2025 жылға дейін 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс ор­талығының тұрғындары кезең-ке­зеңмен қамтылатын болады. 

– «Қазақконцерттің» ерекше көңіл бөліп өткізетін жобаларының бірі «Арман асулар» республикалық фес­тивалі. Былтыр күз айында, мүм­­­­­кіндігі шектеулі дарынды бала­лар арасындағы таланттарды анық­тау, шығармашылық қабілеттерін арттыру мен дамытуға қажетті жағ­дай жасап, «Қазақконцерттің» та­ны­мал өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсету мақсатымен өткізілген жоба еді. Осы жылы да «Арман асу­лары» фестивалін жалғастырға­лы отыр­мыз, – дейді концерттік ұйы­мы­ның директоры.

Естеріңізде болса, биыл жаңа құрам­дағы аты аңызға айналған «Гүлдер» ән-би ансамблінің тұсау­ке­сер-концерті өтті. Жобаға дайын­дық кезінде «Гүлдер» ансамблінің мұра­ғаттық материалдары мұқият зер­деленіп, топтың «алтын қоры­нан» ең үздік нөмірлер іріктеліп алын­­ды. Сонымен қатар барлық жас­тағы көрермендер үшін қызық­ты әрі түрлі жанрдағы шығармалар мен жаңа музыкалық-хореогра­фия­лық жұмыстар да қолға алынды. Ан­самбльдің видеоқұжаттары сақ­талғанымен, ұйымдастырушылар архивтік құжаттарды ақтарып оты­рып, сол кездердегі қазақ би өне­рін­де қолданылған қимыл-қозға­лыс­тары мен би түрлеріне қатысты құнды мәліметтерді таба алмаған. Жаңа ансамбльді жаңғырту жоба­сын жүзеге асыру мақсатында ұжым­­ға шығармашылық оқу орын­дарының түлектері де тартылыпты. Тәжірибелі тәлімгерлер – бас ба­лет­мейстер Анвара Садықова және жобаның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов арнайы шақырылған. 

Сондай-ақ, «Қазақконцерттің» өнер ұжымы АҚШ-тың Вашингтон, Францияның Париж, Бельфор, Лион, Швейцарияның Женева, Бе­льгияның Брюссель, Хорватия­ның Загреб, Словенияның Любля­на, Австрияның Вена, Мажарстан­ның Будапешт қалаларында әлем­дік турне бойынша арнайы кон­церт­тік бағдарламаларды ұсынды. Іс-шараға белгілі опера әншісі, Қа­­­­зақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері Медет Чотабаев, виолон­че­лист, Шанхай музыка консерва­то­рия­сының магистранты Талғар Шал­­­қарұлы, «Қазақконцерт» со­лис­тері және TURAN фольклорлы-этнографиялық ансамблі қатысты. Сонымен қатар әртістер Өзбекстан, Қыр­ғызстан елдерінде де өнер көр­сетіп қайтты. Ал маусым айында Astana Musical театры 17-ші халық­ара­лық мюзикл фестивалінде (DIMF) «Роза Бағланова» мюзиклі­мен сәтті өнер көрсетіп, «Үздік ха­­­­­лықаралық мюзикл» номина­ция­сын жеңіп алды. Ал қойылымда Роза Бағланованың рөлін сомдаған актриса Зарина Макина үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болды. Ол Анг­лия, Германия және Фран­ция­дағы әріптестерінен басым түсті. Бай­қау – жыл сайын Оңтүстік Ко­реяның Тэгу қаласында әлемнің түк­пір-түкпірінен театрлар мен шы­ғармашылық ұжымдарды жи­най­тын беделді халықаралық мю­зикл фестивалі. Биыл ол 17-ші рет өтті. Astana Musical ұжымы оған ал­ғаш рет қатысты.

Кербез ЕСІМ