Әнші Айбек Жансейіт желіде келіншегі Айшаның дауысы жоқ дейтіндермен еш сөз таластырмайтынын айтып, халықтың сыны орынды екеніне келісті. Бірақ ол Айшаны өте жақсы билегені үшін бейнебаяндарға түсіре бастаған, – деп жазды Кyn.kz.
Бүркіт Айшаның дауысы жоқ екенін мойындады
5,174
оқылды

"Алғашында Айша өзі мықты билейді ғой, сол бірінші клипте билеп, ел жақсы көрді. Кейде әдейі бір жақсы дүниені ұсынасың, бірақ ел қабылдамайды. Бұл жерде Айшаны жақсы қабылдады. Содан екінші бейнебаян кетті. Сосын Айшаға қолқа салдым, ән орындауын сұрап. Ол өзі қызығып, тілді, мәнерді жаттап, машықтанып орындап шықты. Ол өте жақсы шықты. Халықтың сұранысы артқан сайын ұсыныстарымыз көбейіп, оны ел "әнші", екеумізді "әншілер отбасы", "жұлдызды жұп" деп атап кетті", – дейді Бүркіт.

Айбек Жансейіт Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Айшаның вегетариан екенін айтты.

"Енді мен етті жақсы көремін. Қой сойып, еттен тағам үйде жиі жасалады. Оған ренжіңкіреп жатады. Бірақ толықтай қарсы шыққан емес. Үнемі бірдеңе жеп жүреді. Бірақ, ет жемейді, тауық жемейді, балық жемейді, білмеймін не жеп жүргенін", – деп әзілдеді Бүркіт әйелі жайлы.