Қытайда өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында ел қоржынына 22-ші қола медаль түсті.
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
1,265
оқылды

Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бокстан 1/2 финалда жерлесіміз Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Бүгін, сондай-ақ Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.

Айта кетейік, осы уақытта ел құрамасында 30 медаль бар – 3 алтын, 5 күміс және 22 қола.