Жаңадан шыққан iOS 17 операциялық жүйесінен ақау табылды. Жүйені жүктеген пайдаланушылар құпиялық параметрлері рұқсатсыз ашылып қалғанын айтуда. Apple ақауды мойындады.
Смартфон иесінің құпиясын iOS 17 толық ашып береді
1,592
оқылды

Apple компаниясы жаңа iOS 17 операциялық жүйесін қолданысқа шығара салып пайдаланушылар жаңа жүйеден ақау таба бастады. Соңғы ақаулықтар туралы 9to5mac.com сайты арнайы мақала жариялады. Aikyn.kz әлемді дүрліктірген ақаулықтың шығу себебін аталған мақалаға сүйене отырып түсіндіреді.

Фото 9to5mac.com сайтынан алынды

Смартфондарға арналған iOS 17 операциялық жүйесін жүктегеннен кейін кейбір iPhone пайдаланушылары өздерінің құпиялық параметрлері рұқсатсыз өзгергенін байқаған. Apple бұндай фактілерді мұқият зерттеп жатқандарын жариялаған.

Ақаулықты алғаш байқаған iOS қауіпсіздігін зерттеуші екі қолданушы болған. X (Twitter) желісіндегі Mysk аккаунтында жарияланған жазбада өшіріліп тұрған «Маңызды орындар» мен «iPhone Analytics» сияқты құпиялық параметрлері смартфонды жаңа iOS 17 нұсқасына жаңартқаннан кейін автоматты түрде қайта қосылып кететінін байқаған. Бұл қайта қосылу қолданушының еркінен тыс болған.

Фото 9to5mac.com сайтынан алынды

Apple өкілдері 9to5Mac сайтына берген ресми түсініктемелерінде смартфонға iOS 17 жаңа нұсқасын орнату кезінде бұл пайдалану параметрлері өзгермеуі керектігін растаған. Компания бұл мәселені зерттеп жатқанын айтып, пайдаланушының құпиялылығын сақтау міндеттемесі бұлжымай орындаулы тиістігін мойындаған.

«Пайдаланушының барған орындары туралы «Маңызды орындар» тұтастай шифрланған және Apple оны оқи алмайды», – дейді Apple. Бұл опция смартфон иесінің соңғы барған жерлерін бақылау үшін пайдаланылады және оның қозғалыс бағытын болжау үшін, жиі пайдаланылатын қолданбалардың ұсыныстарын жасауда, Photos қолданбасындағы естеліктер үшін пайдаланады.

Төмендегі видео ролик iPhone 15 Pro мүмкіндіктерімен таныстырады:

«Маңызды орындар» iPhone смартфонында ғана сақталғанымен, бұл мәліметтер пайдаланушының жиі баратын орындары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жазып алады және оларды теріс пиғылды адамдар пайдалануы мүмкін.

iPhone Analytics-те жиналатын аналитикалық есептерде пайдаланушының орналасқан жері туралы ақпарат адамның құпия деректеріне әсер етуі мүмкін. iPhone қолданушыларға осы екі опцияны ешқашан қоспауға кеңес береміз.

Сіздің телефонда бұл екі опция қосылған болса оларды былай өшіруге болады: Параметрлер -> Құпиялылық және қауіпсіздік -> Орындарды анықтау қызметтері -> Жүйелік қызметі (бұл опция төменде соңғы болып орналасқан).

Орысша мәзірде олар былай көрсетілген: «Настройки» -> «Конфиденциальность и безопасность » -> «Службы определения местоположения» -> «Системная служба».