Бұқара алдында жақсы сөз сөйлеудің бірқатар құпиясын ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығына қарасты кәсіби оқу және біліктілік арттыру орталығы басшысының орынбасары Майра Бакенова әңгімелеп берді.
1. Эмоциялық байланыс орнатыңыз
Эмоция тудыратын жеке тәжірибе не оқиғаңызбен бөлісіп көріңіз. Эмоциялық сәттер әдетте жеңіл есте қалады және аудиторияға да қызығырақ.
2. Жақсы әзілдерді қолданыңыз
Сөзіңізге әзіл қоссаңыз, ол аудитория жадында жақсы сақталып қалуы мүмкін. Алайда, әзілдегенде абай болып, оның мазмұны мен аудиторияны ескеруіңіз қажет. Ашу шақыратын және орынсыз әзілден аулақ болыңыз.
3. Интерактивтілік
Өз сөзіңізге аудиторияны қатыстырып отырыңыз. Сұрақ қойыңыз, сауалнама ұйымдастырыңыз, ойын элементтері мен шағын көрсетілімдер қосыңыз. Бұл өзара байланыстың белсенділігін арттырады.
4. Үнсіздік күшін тиімді қолданыңыз
Үзілістер де тиімді болатынын ұмытпаңыз. Олар маңызды тұстарды айшықтап, аудиторияның ақпаратты қорытып үлгеруіне уақыт беріп, тыңдармандардың сіздің сөзіңізге қызығушылығын арттырады.
5. "Құрылым-Аудиокөру-Сезім" техникасын қолданыңыз
Алдымен сөйлейтін сөзіңіздің құрылымын дайындап алып, қандай дыбыстарды (аудиокөру) қолданатыныңызды ойланып алыңыз және ең соңында аудиторияда қандай сезім не эмоция (сезім) тудырғыңыз келетінін пысықтаңыз.
6. "Штиглиц әдісі" әдістемесі
Өз идеяңызды оны атаңызға айтып отырғандай таныстырыңыз. Ақпаратыңыз бәріне түсінікті болуы үшін қарапайым сөздер мен түсінікті мысалдарды қолданыңыз.
7. "Презентацияға арналған 10-20-30 ережесі" әдістемесі
Слайд-презентация жасауда келесілерді ескеру керек: ол 10 слайдтан, ұзақтығы 20 минуттан аспауы, ал шрифт өлшемі 30 пункттен кіші болмауы тиіс. Бұл ең маңызды тұстарға екпін беріп, презентацияны тым артық ақпараттың болуынан құтқарады.
8. "Сторителлинг" техникасын қолданыңыз
Өз сөзіңізді кейіпкерлер мен бейнелерді құрастыра отырып, хабарлау форматында жеткізіңіз. Бұл тәсіл сіздің сөзіңізді әрі қызық, әрі есте қаларлық етеді.
9. "Оқиға, Мысал, Балама" әдістемесі
Әрбір маңызды идеяны өмірден алған оқиға, нақты мысал не балама оқиғамен байланыстырып отырыңыз. Олар аудиторияға сіздің айтар ойыңызды дәл түсінуге көмектеседі. Аудиторияға тапсырма беріңіз.
Бұл әдістемелер сіздің сөзіңізді әрі қызықты, интерактивті етіп, оның есте ұзақ уақыт сақталуына көмектеседі. Дәл сіздің жағдайыңызға сәйкес келетін тәсілді таңдап, айтар ойыңызды дұрыс жеткізу үшін олармен тәжірибе жасап көруге қорықпаңыз.