Көпірді күтумен күн кешкен...

Сыр өңіріндегі бірнеше ау­­­данда теміржол өт­кел­де­рінің тозығы жетіп тұр. Бұл жайында тұрғындар талай мәр­­те айтып, жергілікті әкім­дік­тен жәрдем сұрады. Алай­да түйткілді мәселенің түйіні әлі күнге түбегейлі шешілген емес.

Жалпы, өңір халық адам өмі­рі­не аса қауіп туғызған ескі кө­пір­лер орнына жаңасын салу қа­жет­тігін айтқанымен, өткелдің жыры ба­сылар емес. Ал ескі өткелдердің аза­бын жергілікті жұртшылық әлі күн­ге дейін тартып келеді. Әсі­ре­се, кейбір аймақтарда жалғыз кө­­­­пірден ерсілі-қарсылы қа­ты­наған көліктердің қалың нөпірі жаяу жүргіншілер тұрмақ, темір тұл­парды тізгіндеушілерді де мезі қы­лып жіберген.

Бұған дейін көпшіліктің ашу-ыза­сын туғызған мәселенің бірі – қаланың іргесіне қоныстанған Бел­көл кентіндегі теміржол өтке­лі құрылысының әупірімдеп жү­ріп әзер пайдалануға берілгені ел есін­де. Нақты айтқанда, 2010 жыл­­дан бері кенттегі теміржол үстінен көпір салу мәселесі оң шешімін тап­пай келді. Соның салдарынан шойын жолдың арғы бетінде тұ­ра­тын мыңнан астам халықтың кент орталығынан қатынауы мұң­ға айналды. Ақырында, 2021 жыл­дың қазан айында құны 225 млн тең­гені құрайтын көпір құрылысы бас­тау алды. Бірақ құрылыс жұ­мыс­тары созылып кетіп, тексеру нә­тижесінде мердігерлер жұмы­сы­нан бірқатар кемшіліктер анық­талғаны айтылды. 

Осы жағдайдан кейін біраз уа­­­­қытқа дейін тұралап қалған кө­пір құрылысы қайта жалғасып, биыл ғана толық аяқталып, пай­да­лануға беріліп отыр. Осылайша, 15-16 теміржолдың үстіне тар­тыл­ған ұзындығы 100 метрдей бо­ла­тын темір конструкциялық кө­пір­дің игілігін көп жылдан бері за­рыға күткен кент халқы биыл ға­­на көре бастады.

Облыс орталығымен іргелес қоныстанған Жалағаш ауданында да көпір мәселесі көп жылдан бері ке­зегін күтіп тұрған болатын. Та­лай жыл жырға айналған құрылыс биыл ғана қолға алынды. 

Негізінен, 14 мыңға жуық хал­қы бар Жалағаш кентінде темір­жол­дың арғы бетіндегі Дәуімбай ық­шамауданын мекендейтін ха­лықтың қарасы қалың. Сол ау­мақ­тан шойын жолды кесіп өте­тін жұртшылықтың өміріне зор қауіп төніп тұр. Әсіресе, қыс мез­­гі­лінде мұздан тайып, жара­қат­­танғандар аз емес.

Көптің көксеген жаяу жүр­гізу­шілерге арналған көпір құры­лы­сы аудан орталығында биыл ма­мыр айында бастау алды. Кө­пірдің биіктігі – 12, ұзындығы – 55, ені 3,2 метрді құрайды. Мүм­кін­­дігі шектеулі азаматтарға 2 лифт те қарастырылған. Жоспарға сәйкес, көпір құрылысы алдағы қа­зан айында толық аяқталып, пай­далануға берілуі тиіс.

«Аудан орталығында теміржол үс­тінен салынып жатқан жаяу жүр­­­гіншілер көпірінің құрылысы қар­қынды жүріп жатыр. Қазір кө­пір құрылысының 60 пайызы аяқ­талды. Нақты айтқанда, бетон құю жұмыстары аяқталуға жақын. Сырлау жұмыстары жүргізіліп жа­­тыр. Металл конструкторлар құ­растырылып, дайын тұр. Бетон құю жұмыстары аяқталса, қон­дыр­ғы орнатылады. Жалпы, жер­гі­лікті жұртшылық жылдың соңы­на дейін жаңа көпірдің игілі­гін көретін болады», – деп мәлім­де­ді Жалағаш ауданы әкімдігінен.

Осылайша, жергілікті жамағат аз уақыттан кейін жаңа да қауіпсіз жаяу жүргіншілер көпірін пай­да­ла­нуға үмітті. Тек құрылыс жұ­мыс­­тары сапалы жүргізілсе деген талабы бар.

Көпірге мұқтаж аймақтың та­ғы бірі – облыс орталығынан ша­л­ғай орналасқан Арал ауданы. Ау­дан орталығындағы ескі өткел­де­гі көлік кептелісі көп жылдан бе­рі елдің ашу-ызасын туғызып келеді. Талай жыл жырға айналған жаңа көпір салу ісі биыл қайта қоз­ғалды. Нәтижесінде, заманауи үл­гідегі теміржол өткелі салы­на­ты­ны айтылып, қуанышты хабар өңір халқын зор қуанышқа бө­ле­ген еді. Мамандар жалпы құны 3 млрд 143 млн теңгені құрайтын ас­палы көпір халық талабын то­лық өтейтініне нық сенім біл­діре­ді. Қажетті қаржы көздері ұлттық қордан және республикалық бюд­жеттен қаралып отыр. Тіпті, ауданға жұмыс сапары барысында Қы­зылорда облысының әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев биыл темір­жол үстінен жаңа көпір құрылысы қар­қын алатынын айтып, сүйін­ші­легені ел есінде. 

Алайда биылғы көктемде ха­лық­ты қуанышқа бөлеген бұл жа­­­­ғымды жаңалық көптің күтке­нін­дей болмай шықты. Созба­лаң­ға салынған құрылыс жұмыстары жергілікті жұртшылықты күмәнді ойға жетелей бастады. 

Себебі жыл басында басталған құ­рылыс жұмыстарынан әлі күнге дейін оң нәтиже болмай тұр. Тұр­ғындардың айтуынша, жыл аяғы жақындап қалса да, межеленген жұ­мыстардың жартысы да аяқ­тал­маған. Ал мамандар топырақ­тың қаттылығы құрылыс жұмыс­та­рын кестеге сай жүргізуге кері әсе­рін тигізіп тұрғанын алға тар­­­тады. 

Жергілікті жұртшылық көпір са­лынатын орынға да көңілі тол­май­тынын айтып отыр. Жаңа өт­кел сорлы аймаққа салынып жа­тыр. Сондықтан жердің қатты­лы­ғы құрылыс жұмыстарын бә­сең­­детіп тұр. Сондай-ақ құрылыс жүр­гізіліп жатқан аумақтың ба­тыс жағына жүк көліктеріне ар­нап жол құрылысы қарқын алған. Бұл да келешекте көлік қатына­сы­на кері әсерін тигізеді деп есеп­тейді. 

Ал Арал аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жо­­­лаушылар көлігі және авто­мо­биль жолдары бөлімі құрылыс жұ­мыстары талапқа сай жүргізіліп жат­қанын, көпір 2024 жылдың соңы­на таяу ел игілігіне пайда­лану­ға берілетініне нық сенімді.

«Аудан орталығына аспалы кө­пірдің қажеттігі көп жылдан бе­рі өзекті мәселеге айналғаны жа­сырын емес. Бұл түйткілдің түйі­ні биыл ғана тарқатылып, құ­рылыс жұмыстары бастау алды. Қа­зір көпірге бөлінген қаржының 50 пайызын алып, жұмыс жүр­гізі­ліп жатыр. Нақты кезеңде кө­пір­дің тіреуіш бағандарын қағу жұ­мыс­тары жүргізілуде. Сондай-ақ өт­келдің қабырғаларын бекіту, кө­пірдің орнын дайындау жұ­мыс­тары қарқын алды. Құрылысқа қажетті материалдар жеткізілуде. Тиісті жұмыстарды мердігер ком­па­ния Қарағанды облысының «Ри­тм» ЖШС қолға алды. Бүгінде құ­рылыс басында 50-ге жуық жұ­мы­сшы күші және 10-15 техника жұ­мылдырылған», – дейді бөлім басшысы Шерхан Есжанов.

Бөлім басшысы, жердің қат­ты­лығы құрылыс жұмыстарының же­дел жүруіне кері ықпалын ти­гізіп тұрғанын жоққа шығармады. Оның айтуынша, қабырға ті­реуіш­­­­терін орнату үшін жерді бұр­­ғылау жұмыстары үлкен қиын­­дық туғызып отыр. Соған орай құрылыс жұмыстарын толық аяқ­тау алдағы жыл еншісіне қал­ды­рылып отырғанын мәлім­деді. 

Негізінен, облысқа қарасты өз­ге аудандарда да теміржол өт­ке­лі өзектілігін жойған емес. Мә­­се­лен, Қармақшы ауданында кө­пір салу ісі көп жылдан бері сөз бол­ғанымен, әлі күнге нақты нә­тиже жоқ. Ал аймақтың оңтүстік аудандарында теміржол өткелінің тозығы жетіп тұр.

Жалпы, Сыр халқы сапалы кө­пір қызметін күтумен күн өткі­зіп келеді. Бұған дейін өңірде  са­­­лынған бірқатар көпірлерден ақау шығып, елдің үрейін ұшыр­ған сәт көпшіліктің жадынан шы­ға қойған жоқ. Сондықтан адам саулығын алдыңғы орынға қойып, көпір құрылыстарына жүр­дім-бардым қарауға болмай­ты­нын ескеретін кез келген сияқ­ты.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы