Президент Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралайды.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды
555
оқылды

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралайды.