3 наурыздағы дерекке сүйенсек, 131 азамат ауруханаға 1А санаты бойынша жатқызылды, 1Б санаты бойынша 119 азамат, ІІ санат бойынша – 955, ІІІ санат бойынша 1632 азамат бақылауға алынды.
Науқастан дерт жұқтыру ықтимал жағдайы анықталған кезде, бекітілген схема бойынша шұғыл хабарлама жіберу арқылы мамандандырылған ауруханаға жеткізуге дайындап, ол толығымен оқшауланады.
«Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы препараттармен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді, барлық медициналық ұйымдарда санитарлық зарарсыздандырғыш, антисептиктер орнатылды. Бүгінгі таңда мультидисциплинарлық медициналық уақытша карантинге жіберу үшін әртүрлі елдерден келген 131 азамат бар. Олардың ішінде, Қазақстан, Иран, Монғолия және Қытай азаматтары бар, – деді ол.
Олар 1А санатына жататын, бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, сырттан келген бетте медициналық персоналдың бақылауымен 14 күндік карантинге орналастырылған азаматтар. Барлық азаматтар дәрігерлердің бақылауында және аурудың клиникалық белгілері жоқ дені сау. Оларды карантин кезінде жұқпалы ауру бойынша дәрігерлер, эпидемиологтар қарап, арнайы белгілері бойынша респираторлық инфекцияларға тестілеуден өткізеді.
14 күн өткеннен кейін тағы сынама алынып, ол теріс нәтиже көрсеткенде бұл азаматтар карантиннен шығарылады.