Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумына қатысып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жасанды интеллект фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды – Тоқаев
644
оқылды

Президенттің айтуынша, жасанды интеллект қолданысқа еніп, ақиқатқа айналды.

«Бүгінгі іс-шараның тақырыбы – өте өзекті. Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды.

Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллекті технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор.

Ол адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандырады және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алады.

Кейбір сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің жаһандық экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігіне пара-пар.

Аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара алады. Сондықтан қысқа мерзім ішінде жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет»,
– деді Президент.