Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, ал­дағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақ­тыланды.
Салық мәселесіне қатысты заң жобасын қарайды
588
оқылды

Депутаттардың талқылауына Салық ко­дексіне енгізілетін түзетулер, салық және бюд­­жетке төлене­тін басқа да міндетті төлем мен салық салу мәселе­леріне қатысты заң жо­­баларын бірінші оқылымда қарау ұсы­ны­лады.

Бұл заң жобаларының негізгі нормалары екін­ші деңгейдегі банктердің Ұлттық банк ноталарынан түсетін кірісін салықтан босату құ­қығын алып тастауға, балаларға Ұлттық қор­дың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан боса­туға бағытталған. Сонымен қатар арнайы эко­номика­лық және индустриалдық аймақтардың қатысушы­ла­ры­на жобаларының құнына қарай салықтық жеңілдіктерді берудің сараланған тәсілін ен­гізуді, жеке тұлғалардың берешегін ми­кро­­қар­жылық ұйымдар мен коллек­торлық агент­тіктер кешірген жағдайда қалып­тасқан кіріс­терді салықтан босатуды көздейді. Сон­дай-ақ соттарда мемлекеттік баж төлеуді кейін­ге қалдыру тәртібін енгізу мен салық­тық әкімшілендіруді жетілдіру ұсынылған.

Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар ратификацияланатын заң жобасын жұмысқа алады. Олар: Қырғыз Респуб­лика­сымен апаттық іздестіру, құтқару саласын­дағы ынтымақтастық және «Қарасу», «Ақ-Тілек» автожол өткізу пунк­ттері ауданын­дағы индустриялық сауда-логис­тикалық ке­шеніне қатысты келісімдер. Еуразия­лық экономикалық одақ туралы шартқа элек­тронды нысанда салықтар алу тәртібін айқындау туралы  хаттама мен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өз­геріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.