Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті.
Dıgıtal Nomads ІТ-қауымдастығының өкілдерімен кездесті
621
оқылды

Бұл – шетелде тұратын және әлем­нің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды біріктіре­тін жоба. Олар қазір елордамызда өтіп жат­қан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін Астанаға арнайы кел­ген.

Палата Спикері соңғы жылдары Digital Bridge форумы айтарлықтай кеңейіп, IT-индустрияны дамыту саласында танымал және беделді алаңға айналғанын атап өтті. Биыл аталған форумға 20 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында 300-ден астам IT компанияның өкілдері мен 30 елден келген делегация мүшелері бар.

Сенат Төрағасы елімізде ІТ саласына жоғары деңгейде баса мән беріліп келе жатқанын тілге тиек етті. Қазақстан электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында еке­нін деп атап өткен жөн.

«Мемлекет басшысы таяуда жария­лаған Жол­дауында ІТ саласына ерекше көңіл бөлді. Прези­дентіміз 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экс­портын бір миллиард долларға жеткізу жөнінде стратегиялық міндет жүктеді. Осыған байланысты Парламенттің алдында аталған тапсырманың орындалуын қажетті құқықтық базамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Еліміздегі қазір қол­даныстағы және қалып­тасып жатқан құ­қықтық жағдай халықаралық компа­ния­лардың біздің нарыққа келуін ынталан­дыруы керек. Сондай-ақ қа­зақ­стандық IT компания­лардың да­муына ықпал етуге тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында Қазақстанда IT саланы қоғамның сұраныстары мен жаһандық трендтерді ескере отырып дамытудың келешегі талқыланды. Жасанды интеллекттің дамуына қатыс­ты сын-қа­тер­лер де назардан тыс қал­ған жоқ. Сонымен қатар іс-шарада жас­тар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сала­ның сапасын арттыруға арналған жобаларды іске асыру жөніндегі ұсы­ныс­тарын ортаға салды.